Өткен тәулікте Қазақстанға 12 халықаралық рейс келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – Мысыр, Түркия, Ресей және Корея сияқты елдерден қатынаған ұшақтар. Ал жолаушылар саны мыңнан асады. Оның тек 921-інде арнайы тесттің қорытындысы болған. Ал, 105 адамда ешқандай анықтама жоқ. Оның 76-сы Нұр-Сұлтан, ал, 29-ы Алматы қаласына келген жолаушылар. Барлығы ауруханаға жеткізіліп, сынама алынды. Нәтижесінде 2 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.