419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда локдаун 20 желтоқсанға дейін ұзартылды

  • 84
  • UPD: 12:08, 26.11.2020
Германияда локдаун 20 желтоқсанға дейін ұзартылды

Германия билігі коронавирусқа қарсы енгізілген карантинді желтоқсанның 20-сына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім канцлер Ангела Меркель мен елдің 16 аймағы басшысының кеңесінен кейін қабылданды. Оған індеттің таралуы бәсеңдемей, ауруханалардағы науқастар санының артуы себеп. Осыған байланысты елде жаңа шектеулер енгізілмек. Үкімет басшысы азаматтардан жеке кездесулерден бас тартуды сұрап, компанияларды қашықтан жұмыс істеуге шақырды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Қазір елде вирусты жұқтыру дерегі біраз төмендеп, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық азайды. Бірақ босаңсуға болмайды. Елде өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Соңғы бір тәулікте вирустан 410 адам көз жұмған. Ауруханалардағы интенсивті терапия бөлімінде науқастар қарасы көп.

Хабар 24 телеарнасы