Испанияда жүздеген әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаппай шеру елдің бірнеше қаласында өтті. Қыз-келіншектердің айтуынша, індет басталғалы бері елде зәбір көрген әйелдердің саны күрт өскен. Мұны ресми статистика да растайды. Осы уақытқа дейін жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 63 мыңнан астам қоңырау түскен.