АҚШ-та енді дәмханаға барып тамақтанып қана қоймай, корнавирусты жұқтырған-жұқтырмағаныңызды да білуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нью-Йорк қаласындағы дәмхананың бірі осындай қызметті қолға алды. Қонақтар тамақтану орнына кіреберісте тест тапсырып, оның нәтижесін 15 минуттың ішінде ала алады. Дегенмен, сарапшылар экспресс-тесттің әрдайым дәл нәтиже бермейтінін айтып, бетперде тағу мен, әлеуметтік арақашықтықты, ұмытпау керектігін ескертеді.