Хорватияда соңғы бір тәулікте 3,5 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, елде жаңа тәуліктік антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан ауруханаларға жеткізілген науқастар көбейіп, емдеу орындарындағы жағдай күрделене түскен. Кей ауруханаларда орын жетпей, адамдарды уақытша шатырларға орналастыруға мәжбүр. Елдегі індетттің күшеюіне байланысты билік шектеулерді қатаңдататынын мәлімдеді. Шара Рождество мерекесіне дейін созылуы мүмкін.