424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакциналар мұнай бағамына оң әсер етті

  • 233
  • UPD: 14:17, 26.11.2020
Вакциналар мұнай бағамына оң әсер етті

Әлемде мұнай бағасы індет таралғалы бері алғаш рет бір барреліне 48 доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биржаларда соңғы 4 сессия бойы қара алтын бағасы өсті. Сарапшылар мұны коронавирусқа қарсы вакциналарға қатысты жағымды жаңалықтармен байланыстырып отыр. Әзербайжанда да мұнай бағамының өсуінің оң әсері көп болатынын айтады.

Шафаг Алиева, тілші:

- Соңғы күндері мұнай бағасы өсіп, әлемнің қор биржаларындағы көңіл-күй де көтеріңкі. Вирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі жайлы жағымды хабарлар соңғы сегіз ай бойы дағдарыста болған мұнай нарығына оң әсерін тигізген. Бірнеше вакцинаның соңғы сынақтарды сәтті өтуі әлем экономикасын тез қалпына келтіретініне үміт зор.

Ильхам Шабан, сарапшы:

- Қазір барлық назар вакциналарға аударылған. Әлем нарықтары дайын екпелер келер жылдан бастап экономикалық шектеулерді алып тастауға көмектеседі деп тағатсыздана күтіп отыр. Сондықтан ақпан айына белгіленген мұнай фьючерстерінің құны өсті. Егер осы жағымды жаңалық әрі қарай да сақталса, алдағы бір-екі айда мұнай бағасы тұрақты болуы мүмкін.

Індет кесірінен Әзербайжанда соңғы 10 айда мұнай өндіру көлемі 2 миллион тоннаға қысқарды. Қара алтын экспорты мен өңдеу көлемі 8,5%-ке азайған. Әскери жағдай мен мұнай нарығындағы тұрақсыздықтан жыл басынан бері елдің жалпы ішкі өнімі 3,8%-rt төмендеген.

Ильхам Шабан, сарапшы:

- Мұнай бағамының өсуі Әзербайжан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Себебі, тамыз айында қара алтын құны бюджетте бір барреліне 35 доллар деп бекітілген еді. Яғни мұнайдың қымбаттауы үкіметке сырттан несие алу мен бюджет дефицитін жабуға бағытталған құнды қағаздарды шығаруды азайтуға мүмкіндік береді.

Дегенмен Әзербайжанда ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндіру көлемі биылғы жылдың соңына дейі қысқарады. Алайда сарапшылар «әлемде індеттің таралуы күшейіп, шектеулер қайта енгізілсе, қара алтын құнының өсуіне тежеу болуы мүмкін», дейді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы