420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коронавирусты жұқтырғандарды есептеудің жаңа тәртібі енгізілді

  • 126
  • UPD: 15:24, 26.11.2020
Түркияда коронавирусты жұқтырғандарды есептеудің жаңа тәртібі енгізілді

Түркияда соңғы бір тәулікте вирусты жұқтырып алғандардың саны 28 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде науқастар санының күрт өсуі вирусты жұқтырғандарды жаңа есептеу тәртібімен байланысты. Енді дертке шалдыққандар қатарына кеселді жұқтырса да, ауру нышандары байқалмағандар да қосылады. Бұған дейін Түркияда науқастардың қатарына ауру нышандары нақты анықталғандар ғана жатқызылып келген. Бірақ сарапшылар «бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайды толық көрсетпейді», деп сынға алып келген еді. Ал ресми дерекке сүенсек, Түркияда қазірге дейін 450 мыңнан астам вирусты жұқтырып алыпты.

Хабар 24 телеарнасы