476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сеулде қыз ұзатуға арналған қазақ киімі алғаш рет көрсетілді

  • 745
  • UPD: 15:45, 26.11.2020

Қазақстандық дизайнерлер өз туындыларын Сеулдегі сән көрмесінде паш етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шоу XIII «Корея – орталық Азия» ынтымақтастық форумы аясында өтті. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн режимінде өтті. Еліміз атынан көрмеге Күнкей сән үйі қатысты. Қыз ұзатуға арналған 19 көйлек ұсынылды. Коллекцияның ерекшелігі – қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Көрмені ұйымдастырушылар – «Корея – орталық Азия» ынтымақтастық форумы хатшылығының айтуынша, мұндай қазақ ұлттық киімі Сеулде алғаш рет ұсынылып отыр.

Пак Санг Бэ, «Кореяорталық Азия» ынтымақтастық форумы хатшылығы бас директорының орынбасары:

- Менің ойымша, қазақтың ұлттық киімдері дәстүрлі мәдениеттің сұлулығын жақсы көрсетеді. Осы шоу арқылы корей халқы қазақ киімдерінің бірегей әсемдігін тамашалай алды.

Айжан Байзакова, «Күнкей» сән үйінің өкілі:

- Біз ұлттық ою-өрнектеріміздің үлгісін алып, қазіргі заманауи сәнге лайықтап, өзгертіп жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы