419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда үйлену тойы автобусы аударылып, 45 адам зардап шекті

  • 90
  • UPD: 15:27, 26.11.2020
Үндістанда үйлену тойы автобусы аударылып, 45 адам зардап шекті

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында үйлену тойы автобусы аударылды.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды. Бұл туралы Hindustan Times хабарлады.

Жергілікті полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, жол апатына жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберу себеп болуы мүмкін, соның салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.

Штат тұрғындары 46 жолаушыны автобустан шығаруға көмектесті. Зардап шеккендер Баргидегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына жіберілді. Онда 65 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Апат салдарынан 25 адам ауыр жарақат алған, олар облыс орталығына жіберілгені атап өтілді.

Автобус жүргізушісі апаттан кейін қашып кетті, полиция оны іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы