Бразилияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғысып, 41 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы оннан астам кісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Сан-Паулу штатындағы Тагауи мен Такауритуба қалаларын арасындағы тас жолда болды. Әзірге апат себептері белгісіз. Оқиға кезінде автобус өңірдегі бір тоқыма фабрикасының 53 жұмысшысын апара жатқан. Қазір іске қатысты тергеу басталды.