419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та той өткізген синагогаға $15 мың айыппұл салынды

  • 126
АҚШ-та той өткізген синагогаға $15 мың айыппұл салынды

АҚШ билігі індет кезінде дүркіретіп той жасаған еврей ғибадатханасына 15 мың доллар айыппұл салды.

Нью-Йорктің Бруклин ауданында өткен үйлену тойына 7 мың адам қатысқан. Карантин кезінде мерекелік іс-шара өте құпия ұйымдастырылыпты. Бірақ шыдамаған болуы керек, тойға қатысқандардың біреуі бейнежазбаны интернетке жариялап жіберген.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы

– Діни наным-сенімге қатысты сезімнің болатынын түсінемін. Еврей, христиан, мұсылман қауымдарын бөліп-жармаймын, бәрін бірдей жақсы көремін, құрметтеймін. Бірақ заң бәріне ортақ. Оны бұзуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы