419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда қаракүзендерге қатысты қауіп сейілмей тұр

  • 115
  • UPD: 18:09, 26.11.2020
Данияда қаракүзендерге қатысты қауіп сейілмей тұр

Данияда қаракүзендерге қатысты қауіп қайта туындады.

Осы айдың басында жануарлардан коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталған болатын. Салдарынан жергілікті фермалардағы бүкіл қаракүзеннің көзі жойылып, жерге көмілді. Алайда Хольстебро қаласының маңында өлекселер жер бетіне шыға бастаған. Өйткені шіріген кезде олардың денесінде газ пайда болады екен. Мамандар бұл табиғи процесс екенін айтады. Салдарынан ісінген өлекселер жарылып, жер бетіне шығып қалады. Енді бұған жергілікті тұрғындар індет жұқтыру қаупінен алаңдап отыр. Қазір бұл жерді полицейлер қоршауға алған.

Ал сарапшылар: «Жануарлардың денесін тереңірек көмгенде бұл жағдайдың алдын алуға болушы еді», – дейді.

Хабар 24 телеарнасы