420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда жансақтау бөлімдерінде бос орын қалмады

  • 130
  • UPD: 23:21, 26.11.2020
Бразилияда жансақтау бөлімдерінде бос орын қалмады

Рио-де-Жанейродағы ауруханалардың жансақтау бөлімінде бос орын қалмады.

Кейінгі он шақты күнде мұнда вирус жұқтырғандар саны артып барады. Көктемде 4 дала госпиталі құрылған еді. Алайда эпидемиологиялық ахуал сәл жақсарған соң олардың үшеуі жабылған. Кейінгі тәулікте 48 мыңға жуық жаңа дерек расталса, солардың 3 мыңдайы Рио-де-Жанейрода тіркелді. Мамандар шаһардағы тәуліктік өсім мамырдағы көрсеткіштерге таяп қалғанын айтады. Ол кезде мұнда карантин жарияланған еді. Ал қазір барлар, мейрамханалар, кинотеатрлар мен түнгі клубтар жұмыс істеп тұр. Мамандардың қарсылығына қарамастан, осы аптада мұнда 8 айлық үзілістен кейін мемлекеттік мектептер де жартылай ашылды.

Дуглас, мұғалім:

– Әрине, онлайн оқыту кезінде мұғалімдер аянбай еңбек етті. Оқушылар да барын салды. Қанша дегенмен, сыныптағы сабақтың орны бөлек. Оған ештеңе жетпейді.

 

Пәкістанда мектептер мен университеттер жабылып қалды

Бразилияда мектептер қайта ашылып жатса, Пәкістанда керісінше жабылды. Өйткені қарашаның басынан бері індет жұқтыру деректері күрт артып барады. Билік елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеп, кісі көп жиылатын шараларды өткізуге тыйым салды. Сондай-ақ мектептер, университеттер мен колледждерді жауып тастады. Енді олар 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін жұмыс істемейді.

Хабар 24 телеарнасы