420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадонаны жоқтаушылар полициямен қақтығысты

  • 103
Марадонаны жоқтаушылар полициямен қақтығысты

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте аты аңызға айналған марқұм Диего Марадонаны жоқтаушылар полициямен қақтығысты.

Мыңдаған жанкүйер даңқты футболшының мәйіті жатқан Президент сарайына кезексіз кіруге асыққан. Фанаттар темір қоршауларды қиратып, шөлмек лақтырған. Тәртіп сақшылары ырыққа көнбеген бірнеше адамды қамауға алды.

Марадонамен қоштасу рәсімі таңғы 6:15-те басталған. Жанкүйерлерге спортшыны соңғы рет көру үшін 48 сағат берілген. Қоштасу рәсіміне 1 миллиондай адам келуі мүмкін деген ақпар бар. Естеріңізге сала кетейік, жасы 60-тан асқан Диего Марадона кеше жүрек ұстамасынан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы