419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда локдаун ұзартылды

  • 83
  • UPD: 09:41, 27.11.2020

Осы ретте маска кию тәртібі күшейтіліп, тұрғындарға барыс-келіс, жалпы қарым-қатынасты мейлінше азайту жөнінде кеңес берілді.

Дегенмен Рождество мен Жаңа жыл қарсаңындағы шектеулер қалың елді ойлантып қойды. Сондықтан неміс халқының мерекелерді қалай атап өтері белгісіз.

Биыл Германияда рождестволық жәрмеңкелердің барлығы дерлік өтпейді. Одан бөлек билік Берлин орталығындағы басты жаңажылдық сауық кешінен де бас тартты. Әдетте 31 желтоқсанда Бранденбург қақпасының алдында ондаған мың адам жиналып, мерекені қарсы алатын. Алайда бұл жолы жаппай шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Десе де дәстүр бойынша қақпа алдында Бас шырша орнатылды.  

Дежан, Берлин тұрғыны:

– Біз көңіл күйімізді түсірмей отырмыз. Мерекені отбасымызбен қарсы аламыз. Бранденбург қақпасы алдындағы шара өтпесе де, қалада серуендеуге болады ғой.

Десе де билік мерекеге орай ережені жеңілдетті. Сөйтіп, 23-30 желтоқсан аралығында 10 адамға дейін жиналуға рұқсат берілді. Қазір олардың саны 5-тен аспауы тиіс. Біреулер бұл жаңалыққа қуанса, енді басқалары керісінше мереке күндері карантиндік шаралары күшейту керек деп отыр.

БЛИЦ:

– Меніңше, қатаң шаралар қажет. Жағдайды бақылауға алу мүмкін болмай тұрғанын көріп отырмыз. Желтоқсанда қатаң локдаун енгізілсе, жақсы болар еді. Барлық орындар жабылса екен.

– Локдаунның тиімділігіне сенбеймін. Оны уақыт көрсетеді. Негізі тамақтану орындарының жұмыс істей бергені дұрыс еді. Өйткені олар қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Бірақ билік мереке күндері вирустың өршуіне жол бермеу керек дейді. Сол себепті де ірі рождестволық жәрмеңкелер өтпейтін болды. Осы ретте Берлин басшылығы бизнесмендерге қаланың түрлі аудандардында шатырлар орнатып, сол жерден сауда жасауды ұсынып отыр. Бұл бастамаға қатысты кәсіпкерлердің қандай жауап қайтары әзірге белгісіз.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы