420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Газа секторының экономикасы $16,7 млрд шығынға батты

  • 81
БҰҰ: Газа секторының экономикасы $16,7 млрд шығынға батты

Израильдің оқшаулау саясатынан қысым көріп отырған Газа секторының экономикасы 16 млрд 700 миллион доллар шығынға батты.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы есебінде айтылды. 2 миллион адам тұратын қаладағы жұмыссыздық пен кедейлік 60 пайызға артқан. Жәрдемақыға мұқтаж жандардың үлесі 70 пайызға жеткен. Газада ауыз су тапшы, электр жарығы жиі өшеді. Арнайы зерттеу жасаған Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторындағы жағдайды жақсарту үшін 13 жыл бұрын енгізілген Израильдің қысымын алып тастау қажет деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы