420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанға тиесілі қарулы топ Үндістанның екі сарбазын өлтірді

  • 127
  • UPD: 09:06, 27.11.2020
Пәкістанға тиесілі қарулы топ Үндістанның екі сарбазын өлтірді

Даулы аймақ Кашмирде Пәкістанға тиесілі қарулы топ Үндістанның 2 сарбазын өлтірді.

Бүлікшілер Сриннгар қаласының маңындағы әскери патрульге шабуыл жасаған. Құрбан болған жауынгерлер ауыр жақарат алып, кейін ауруханада жан тапсырды. Үнді әскері бүлікшілерге тойтарыс беру операциясын бастады. Бұл бүлікші топтар Үндістан билігіне қарсы 1989 жылдан бері күресіп келеді. Жалпы көршілес Үндістан да, Пәкістан да Кашмир аймағын өз жерім деп біледі. Екіжақты қақтығыстан он мыңдаған адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы