420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда коронавирусты жұқтырған адамдарды тез анықтаудың әдісін тапты

  • 136
  • UPD: 11:45, 27.11.2020

Ең қызығы, бұл тәсілді медициналық зертхана мамандары емес, ветеринарлар ойлап тапты.

Олар иттерді вирустың иісін сезуге баулып, дайындады. Вирусты сезетін иттер Прагадағы Вацлав Гваел атындағы әуежайда бар. 

Хмара барлық сынақтардан сәтті өтіп, әуежайда қызмет ететін иттердің алғашқы тобына қосылды. Ол түрлі кинологиялық орталықтарынан сайысқа қатысқан 30-дан аса итті артта қалдырған. Жалпы 160 үміткерден тек алтауы ғана іріктелді. 

Ян Чехманек, кинолог:

– Ит мұрнында ауадағы иістерді ажырататын 300 миллион рецепторы бар. Салыстырып көрсек, адамда ондай рецепторлардың саны тек 5 миллион ғана. Әрине, иттер медициналық тестті ауыстыра алмайды, бірақ ауырған адамды анықтайды. Науқастың ағзасынан ерекше бір иістер шығады. Біз иттерімізді ковидке тән иісті ажыратуды үйреттік.

Әсіресе жаттығулардың ақтық кезеңі күрделі болды. Онда иттерге вируспен тікелей жұмыс істеуіне тура келді. Оларға 20 зат беріліп, арасынан COVID-19 вирусымен өңделген екеуін табуға тиіс болатын. Қауіпті болғандықтан, кинологтар қорғаныш киімде шыққан.  Бұған дейінгі зерттеулер коронавирустың иттерге жұқпайтынын анықтаған. Алайда сақтықта қорлық жоқ деп, әр сынақтан кейін оларды да тексеріп жүрді.  

Марта Шелбалова, психолог:

– Иттердің көбісін жаңадан үйретуге тура келді. Ит тұқымдарының кез келгені бұл іске жарамайды. Нәтижесінде бөлек бір бағдарлама әзірленді. Иттерге арнайы контейнерге салынған ковид-науқастарының терін иіскететін. Финляндиядағы әріптестеріміз үйретудің осы үлгісін қолданған. Нәтижесі біз күткеннен де асып кетті. Енді иттеріміз ауру белгілері біліне бастамаған науқастарды анықтайтын болды. Дәлдігі 85 проценттен артық.

Төрт аяқты көмекшілер алғаш рет жұмысқа 2021 жылдың қаңтарында шығатын болды. Иттер Прага әуежайында бір-бірін ауыстырып қызмет етеді. Ал жаңа дайындалған иттерді қарттар үйлерінде пайдалану жоспарда бар.

Авторлары: Александр Грэс, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы