426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рим легионы қолбасшысының ордасы табылды

  • 200
Рим легионы қолбасшысының ордасы табылды

Серб археологтары қазба жұмыстары кезінде 2,5 метр тереңдіктен Рим легионының қолбасшысы отырған орданың қирандыларын тапты.

Анықталғандай, көне ғимарат 2-4 ғасырларға тән. Ғалымдардың айтуынша, ол Рим империясы заманындағы Мёзия провинциясының орталығы саналған Виминациум қаласының аумағына кірген. Сәулет туындысы 40 бөлмеден тұрады. Өзінің жылыту жүйесі мен жеке су бұрқағы болған көрінеді. Ал жалпы аумағы 3 жарым мың шаршы метрді құрайды екен.

Айта кетейік, мұнда қазба жұмыстары 1882 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Хабар 24 телеарнасы