419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда ауруханадағы өрттен бес адам көз жұмды

  • 94
  • UPD: 10:40, 27.11.2020
Үндістанда ауруханадағы өрттен бес адам көз жұмды

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған жекеменшік ауруханада өрт шықты.

Бес адам көз жұмып, тағы 28 адам жарақат алды. Бұл туралы Arab News хабарлады.

Қайғылы оқиға таңертеңгі уақытта Раджкот қаласында болған.

Өрт жансақтау бөлімінде басталып, содан кейін көршілес бөлімдерге тарады. Ауыр күйікпен аман қалғандар қаладағы басқа ауруханаға эвакуацияланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Билік бұл оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

Хабар 24 телеарнасы