420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда коронавирус математикалық есеппен бақылауға алынады

  • 97
  • UPD: 13:12, 27.11.2020
Францияда коронавирус математикалық есеппен бақылауға алынады

Франция билігі желтоқсан айының ортасына қарай елдегі эпидемиологиялық ахуалды толық бақылауға алмақ.

Математикалық есеп жүргізген олар санитарлық талаптар толық орындалар болса, елде вирус жұқтырудың тәуліктік деңгейі 5 мыңға дейін төмендейтінін айтады.

Айта кетейік, қазір бұл көрсеткіш 17 мыңның төңірегінде. Соған қарамастан, ертеңнен бастап Францияда дүкендер мен сауда орталықтары қайта ашылады. Бірақ олар бірқатар талапты қатаң сақтауы тиіс. Яғни сауда орталықтарында әрбір сатып алушы үшін 8 шаршы метр жер қарастырылуы керек. Сонымен қатар адамдар қозғалысы тек бір бағытта болуы тиіс. Бұдан бөлек, желтоқсанның ортасында елдегі локдаунды коменданттық сағатпен алмастыру көзделген. Жалпы француз жұрты қалыпты өмірге қаңтардың 20-сынан кейін оралады. Себебі осы күннен бастап елдегі барлық шектеу шаралары алынып тасталады. Кафе-барлар да жұмыс істей бастайды. Өз кезегінде ел премьер-министрі үш ай бойы қызметін тоқтатып, шығынға белшеден батқан бұл салаға барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Тіпті 2021 жыл француз гастрономиясының жылы деп жариялайтынын жеткізді.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

– Коронавирус кесірінен француз халқының өмір сүру салтының символына айналған мекемелерді жабуға тура келді. Бұл өте қиын шешім болды. Дегенмен осы саланың мамандарын толық қолдауға тырысамыз. Олардың індетке төтеп беруі үшін қаржылай да, моральдік тұрғыдан да, көмек көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы