420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістан билігі барлық оқу орнын карантинге жапты

  • 95
  • UPD: 13:11, 27.11.2020
Пәкістан билігі барлық оқу орнын карантинге жапты

Сондай-ақ сауда орталықтары мен базарлардағы шектеу шаралары күшейтілді.

Бұдан басқа, жаппай шерулер мен жиындар өткізуге де тыйым салынған. Білім беру мекемелері алдағы жылдың 10 қаңтарына дейін ашылмайды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Пәкістанда коронавирус инвекциясын жұқтырғандар саны 382 мың адамнан асты. 

Ясин Акбар, медицина қызметкері:

– Қазан айында бізге күніне коронавирус жұқтырған 14 науқасқа дейін түсті. Ал қазір олардың саны 70-ке жетті. Барлық адамды бетперде киюге және қолды үнемі тазалап жүруге шақырамын. Бұл – індетті тоқтатудың бірден бір қарапайым жолы.

Хабар 24 телеарнасы