420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Физикалық белсенділіктің жоқтығынан жылына 5 млн адам көз жұмады

  • 103
  • UPD: 13:50, 27.11.2020
ДДСҰ: Физикалық белсенділіктің жоқтығынан жылына 5 млн адам көз жұмады

Әлем бойынша жыл сайын 5 миллиондай адам физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен қайтыс болады екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай дерек келтірді. Ұйымның мәліметінше, қазір жер бетіндегі жастардың 80 проценті мен ересектердің 25 процентіне ешқандай белсенділік танытпайды. Осыған байланысты аталған ұйым аптасына 2-3 сағат денені шынықтыру керек деп кеңес беріп отыр. Бұл әсіресе, індетке қатысты енгізілген локдаун мен шектеу шаралары уақытында өте өзекті. Өйткені белсенділіктің арқасында көптеген ауру-сырқаттан арылып, ми жұмысын жақсартуға болады.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтыру деректерінің саны 61 миллионнан асады. Инфекцияға шалдығу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында АҚШ тұр. Бұл елде осы уақытқа дейін 13 миллионнан астам адам вирустың шырмауына түскен. Одан кейін Үндістан мен Бразилия келеді.

Хабар 24 телеарнасы