430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

FT: Facebook өзінің Libra криптовалютасын айналымға шығарады

  • 155
  • UPD: 14:02, 27.11.2020
FT: Facebook өзінің Libra криптовалютасын айналымға шығарады tsargrad.tv

Facebook компаниясы 2021 жылдың қаңтарынан бастап Libra криптовалютасын айналымға шығарады.

Бұл туралы Financial Times газеті хабарлайды.

Басылым мәліметінше, криптовалюта шектеулі көлемде шығарылады. Бұған дейін компания криптовалютаның бірнеше түрін шығаруды жоспарлаған. Бірақ әзірге біреуімен шектелу туралы шешім қабылдады және ол доллармен қамтамасыз етіледі. Қалғандары кейінірек пайда болады екен. Ал Libra эмиссиясының нақты уақыты швейцариялық қаржы реттеушісімен келісімнің жасалуына байланысты.

Facebook компаниясы 2019 жылдың шілдесінде жеке криптовалютасын шығаратынын хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы