419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда тау-шаңғы шипажайлары биыл ашылмайды

  • 133
Грузияда тау-шаңғы шипажайлары биыл ашылмайды

Грузияда індетке қатысты ахуал күрделі болып тұр.

Күн сайын 4 мыңдай адам коронавирусты жұқтырып, 40-тай науқас бұл дерттен қайтыс болуда. Осыған байланысты үкімет шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр. Ертеңнен бастап сағат кешкі тоғыздан таңғы беске дейін сыртқа шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ қалалар арасында жолаушы көліктер қатынамайды. Спортзалдар, хауыздар, мәдени мекемелер мен үйірмелер жабылады. Мейрамханалар мен тамақтану орындары тек тағамдарды жеткізумен айналысады. Барлық мәдени іс-шаралар онлайн өткізілуі тиіс. Ел астанасымен қоса 8 ірі қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Медициналық бағдарламалардан өзге оқу орындары қашықтан оқытуға ауысады. Тау-шаңғы шипажайлары да биыл ашылмайтын болды.

Амиран Гамкрелидзе, Грузия аурулар және қоғамдық денсаулықты бақылау орталығының басшысы:

– Қазір қолға алынып жатқан шаралар қаңтар айының соңында өз нәтижесін береді. Сол кезде коронавирусты жұқтырудың күнделікті көрсеткіші екі есе азаяды деп болжап отырмыз. Бұл шектеулердің басты мақсаты – індеттің таралуына тосқауыл қою. Егер көктемдегідей мемлекет дәрігерлер және бүкіл қауым болып бәріміз жұмыла күрессек, нәтижеге жетеміз.

Хабар 24 телеарнасы