420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде материалдық шығыны ең көп болған көлік апаттары

  • 139
  • UPD: 17:59, 27.11.2020
Әлемде материалдық шығыны ең көп болған көлік апаттары topgir.com.ua

Әлемдегі материалдық шығыны жағынан ең қымбатқа түскен жол-көлік апаттарының рейтингі жасалды.

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мәліметінше, олардың шығыны жүз мың доллардан ондаған миллион долларға дейін жеткен.

Ал ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың 9 айында Қазақстанда 9 мыңға дейін жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 13 мыңнан астам адам зардап шеккен. Сақтандыру компаниялары 22,2 млрд теңге төлеген, бұл былтырғыдан 13,4% кем.

Сонымен:

10-орын – 150 мың доллар

Оқиға 2015 жылы Ұлыбританияда автожарыс барысында болған. Апатта сирек кездесетін екі жарыс автокөлігі зақымданған – 1959 жылы шығарылған Lister-Jaguar және 1955 жылы шығарылған Mercedes-Benz 300 SLS. Нәтижесінде тек машиналарды жөндеу шығындары иелеріне 150 мың долларға түсті.

9-орын – 200 мың доллар

2019 жылы американдық актер Трэйси Морган құны 2 млн доллар құрайтын Bugatti Veyron Grand Sport машинасын басқару кезінде 61 жастағы әйелге тиесілі Honda CR-V кроссоверімен соқтығысты. Суперкардың зақымдары шамалы болғанымен, жөндеу құны шамамен 200 мың долларды құраған.

8-орын – 214 мың доллар

Мәскеу қаласында қызғылт сары түсті Lamborghini Huracan Audi A6 көлігімен соқтығысқан. Lamborghini шетке ұшып кетіп, тұрақта тұрған төрт люкс машинасын зақымдаған (Porsche Panamera, Bentley Continental GT, Infiniti Q50 және Mercedes-Benz G-Сlass). Зардап шеккен адамдар жоқ. Машиналардың жалпы құны 1,7 млн доллар құраған, ал апат келтірген нұқсан 214 мың доллардан асты.

7-орын – 431 мың доллар

Биыл жазғы карантин кезінде Мәскеу қаласында Ferrari Superfast иесі тұрақтан қолайсыз қозғалып, жылдамдықпен қоршауды бұзып кетіп, бағанаға соғылған. Зақым 30 миллион рубльге бағаланған (431 мың доллар). Машина сақтандырылғанымен, келтірілген залал толық өтелмеген.

6-орын –100 мыңнан 800 мың долларға дейін

Алматыда карантин кезінде суперкардың қатысуымен жаппай жол апаты болған. Ferrari 250 GTO жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен келе жатып бордюрге шығып кетіп, қарама-қарсы жолақта Kia көлігіне және Nissan автомашинасына соқтығысқан. Келтірілген нақты шығын көлемі белгісіз. Егер ЖКО-ға Ferrari репликасы қатысқан болса, нұқсан шамамен 100 мың доллар болады. Егер түпнұсқасы болса, онда нұқсан шамамен 800 мың доллар құрауы мүмкін.

5-орын – 833 мың доллар

Карантин кезінде Нью-Йоркте тиражы шектеулі спорткар Porsche Carrera GT қираған. Автомобиль құны – 833 мың доллар. Көлікті қалпына келтіру мүмкін емес.

4-орын – 1 млн доллар

2018 жылы ресейлік құны 1 млн доллар құрайтын Jaguar XJ220-ны басқару кезінде апатқа ұшыраған. ЖКО салдарынан келтірілген шығынды мамандар авто құнынан кем емес деп бағалаған.

3-орын – 1,49 млн доллар

2011 жылы Ұлыбританияда әйгілі комик Роуэн Аткинсон құны 885 мың доллар құрайтын McLaren F1 өз автомашинасымен жол бойындағы ағашқа соқтығысқан. Апат нәтижесінде актер аздап жарақат алған, ал көлігінің сақтандыру төлемі 1,49 млн долларды құраған.

2-орын – 1,5 млн доллар

2013 жылы Ресейде әлемдегі ең қымбат спорткарлардың қатысуымен халықаралық автошоу жүргізілген. Алайда шо кезінде Bugatti Veyron машинасы Aston Martin DBS автокөлігіне соқтығысқан. Оқиға ресми түрде жарияланбаған, нұқсан мөлшері де мәлімденбеген. Машина құнына қарағанда шығын көлемі 1,5 млн доллардан асуы мүмкін.

1-орын – 28,5 млн доллар

2008 жылы Ұлыбританияда құны 28,5 млн доллар тұратын Ferrari 250 GTO ЖКО-ға ұшыраған. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, нұқсанды өтеуге миллиондаған доллар және қалпына келтіруге жылдар кетуі мүмкін. Апат автомашина аукционда сатып алынған сәттен кейін бірден болғандықтан, көлік иесіне келтірілген шығын машина құнымен қоса есептелген.

Хабар 24 телеарнасы