419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан көрші елдерден мал импорттай алмай отыр

  • 310
  • UPD: 23:23, 27.11.2020
Өзбекстан көрші елдерден мал импорттай алмай отыр

Қырғыз елі мал экспортын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстан түлікті осы елден импорттағандықтан, айыр қалпақты ағайын осындай шара қолданып отыр. Бұған дейін өзбек фермерлері ірі қараны Қазақстаннан тасымалдайтын еді. Алайда біздің Үкімет мал экспортына уақытша тыйым салғандықтан, көршілер төрт түлікті қырғыздардан таситын болды. Есесіне алыпсатарлар бағаны негізсіз көтерген соң Қырғызстан билігі де мұндай шектеуге барып отыр. Былтыр Өзбекстанда мал шаруашылығын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Шаруаларға шетелден асыл тұқымды мал әкелгені үшін әр басқа 300 доллардан субсидия бөлінеді. Сонымен бірге олар импорттағы қосылған құн салығынан босатылды. Жергілікті биліктің айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанда қабылданған шектеулер өзбек еліне қатты әсер етпеуі тиіс.

Азим Ахмедхаджаев, Жизақ облысы хәкімінің орынбасары:

- Көрші мемлекеттерде қабылданған шаралар біздің мал шаруашылығына кері әсерін тигізбеу үшін Өзбекстанда кластерлік жүйені дамытып жүрміз. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бір бөлек, еттің бағасын да негізсіз көтеруден сақтануымыз шарт. Ол үшін бүгінгі нарықты ұдайы бақылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы