419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгта ең жоғары тәуліктік өсім тіркелді

  • 105
Гонконгта ең жоғары тәуліктік өсім тіркелді

Гонконгта бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны кейінгі 3 жарым айдағы рекордтық көрсеткішке жетті.

Соңғы 300-ден аса дерек би клубтарымен байланысты. Осы ретте мұнда би залдары, барлар, түнгі клубтар мен караоке бір аптаға жабылды. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік көрме орталығын қайта ашып, науқастарға қосымша орындар дайындайтын болды. Бұл орталық жазда індет жұқтырғандарды жатқызу үшін қолданылған. Билік сондай-ақ вирус жұқтырғандарға 5 мың гонконг долларынан төлейтінін айтты. Бұл теңгеге шаққанда 275 мың шамасында. Төлем бірреттік. Негізі табысынан айырылып қаламыз деп қорыққан тұрғындар тест тапсырудан қорқатын көрінеді. Биліктің төлемдер тағайындау шешімі осыған байланысты.

Чуан Шук-Кван, Денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

– Бұл – алаңдатарлық жағдай. Бір адам екі туысына, ал олардың әрқайсысы достарымен бірге түстеніп, он адамға жұқтыра алады. Сөйтіп деректер саны күрт артып кетеді. Сондықтан тұрғындарды сақтыққа салғырт қарамауға шақырамыз. Шектеу шаралары бір аптадан екі аптаға дейін жалғасуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы