419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда ең үлкен 3D-үй салынып жатыр

  • 187
Германияда ең үлкен 3D-үй салынып жатыр

Германияда 3D-принтерінде басып шығарылған Еуропадағы ең үлкен үй салынып жатыр.

Ол 3 қабаттан тұрады. Жұмысшылар небәрі 2 күн ішінде оның бір қабатын тұрғызып тастаған екен. Тұрғын үйдің ауданы – 380 шаршы метр. Онда 5 пәтер болады деп жоспарланып отыр. Мамандар үш өлшемді технологияның арқасында құрылыс жұмыстары кәдімгідей жеңілдеп қалғанын айтады. Сондай-ақ жұмыс күшінің тапшылығы секілді мәселені шешуге де көп көмегі тиеді дейді. Алайда бір кемшілігі: үш өлшемді принтерді ауа температурасы нөлден төмендегенде қолдануға болмайды екен.

Фабиан Мейер-Броц, құрылыс компаниясының өкілі:

– Германияда құрылыс стандарттары өте жоғары. Ал мына технология солардың бәріне сай келеді. Үш өлшемді технология барлық жағынан үнемді. Принтердің көмегімен қалаған формаларды құрастырып, басып шығаруға болады. Көппәтерлі үйдің құрылысына әдетте 5 адам жұмылдырылса, мына ғимаратқа 2-3 жұмысшы жетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы