419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда қатаң карантин қаңтардың ортасына дейін ұзартылды

  • 95
Бельгияда қатаң карантин қаңтардың ортасына дейін ұзартылды

Бельгияда қатаң карантин мен коменданттық сағат қаңтардың 15-іне дейін ұзартылды.

Тәртіпке сай барлық кәсіпорын мен компания қашықтан жұмыс істеуін жалғастырады. Мейрамханалар мен дәмханалар, мәдени және ойын-сауық орындары да ашылмайды. Барлық жеке мереке-кештерді ұйымдастыруға тыйым күшінде қалды. Әр отбасы үйіне тек бір қонақты шақыра алады. Тәртіпті бұзғандарға 250 еуро көлемінде айыппұл салынады. Тек желтоқсанның 1-інен бастап азық-түлік дүкендерінен басқа да дүкендерді ашу туралы шешім қабылданды. Бельгияда соңғы 2 аптада 3,5 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, науқастардың жалпы саны 16 мыңнан асты.

Александр Де Кро, Бельгия премьер-министрі:

– Бір ай бұрын жағдайымыз мүшкіл еді. Қазір ахуал біршама жақсарды. Дегенмен әлі күрделі деп бағалаймыз. Ауруханаларда науқас көп. Үкімет желтоқсанның 1-інен бастап азық-түліктен бөлек сауда орындарын да ашуға шешім қабылдады. Биыл тұрғындар Рождество мен жаңа жылды отбасы, ошақ қасында ғана атап өтеді.

Хабар 24 телеарнасы