420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда ядролық физика ғалымына қастандық жасалды

  • 126
Иранда ядролық физика ғалымына қастандық жасалды

Иранда осы елдің ядролық бомбасының негізін қалаушы саналған Мохсен Фахризадеге қастандық жасалып, ғалым ауруханада көз жұмды.

Шабуыл Абсард қаласының маңында ғалым көлігімен кетіп бара жатқанда жасалған. Оның қорғаушылары мен лаңкестер арасында атыс болып, Фахризаде жараланған. Бірақ дәрігрлер оны аман алып қала алмады. Әзірге қастандықты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф әлеуметтік желіде бұл Израильдің ісі деп мәлімдеді.

Мохсен Фахризаде Ирандағы ең танымал ядролық физика саласының маманы болған. Осы елдің ислам революциясы сақшылары корпусының офицері ядролық қару жасауға бағытталған құпия бағдарламаны басқарған.

Хабар 24 телеарнасы