419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда жаңа шектеулерге сай көліктерді тексеру күшейтілді

  • 93
  • UPD: 18:14, 28.11.2020
Португалияда жаңа шектеулерге сай көліктерді тексеру күшейтілді Известия

Португалия астанасында індетпен күрес мақсатында полицейлер көліктерді тексере бастады.

Жаңа шектеулер бойынша түнгі сағат 11-ден таңғы 5-ке дейін бір жерден екінші мекенге сапар шегуге тыйым салынған. Алдағы дүйсенбіден бастап барлық мектептер жабылып, кәсіпорындардың жұмыс уақыты қысқартылады. Шара ұлттық мерекелер алдында індеттің өршуін тоқтату үшін қолға алынған. Португалияда вирус жұқтырғандар саны 300 мыңға тақады. Соңғы тәулікте вирус 5 мың адамнан анықталған.

Эдуард Сантос, жүргізуші:

– Шараның індетпен күрес үшін қажет екенін түсінемін. Бірақ шектеу уақыты ыңғайсыз деп ойлаймын. Себебі осы кезде көп адамдар шаршап, жұмыстан қайтады.

Хабар 24 телеарнасы