Бұл – Құрама Штаттарда індет таралғалы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.
Бұған дейін қарашаның 21-і күні 195 мыңнан аса адам вирусқа шалдыққан еді. Кей мамандар Рождество мерекесінен кейін науқастар саны күрт өсуі мүмкін деп отыр. Билік келесі аптадан бастап ауруханаларға вирусқа қарсы вакцина жеткізілетінін хабарлады. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді. Екпе ең алдымен дәрігерлер мен қарт адамдарға салынады.