419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Lufthansa коронавирусқа қарсы вакцинаны тасымалдауға дайын

  • 109
  • UPD: 21:37, 28.11.2020
Lufthansa коронавирусқа қарсы вакцинаны тасымалдауға дайын

Германиялық Lufthansa компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемнің кез келген жеріне жеткізуге дайын.

Бұл туралы бірлестіктің ресми өкілдері мәлімдеді. Компания фармацевтикалық компаниялармен бірнеше ай екпені жеткізу туралы келіссөз жүргізген. Мысалы, BioNTech неміс компаниясының вакцинасы минус 70 градуста сақталуы керек. Lufthansa өздерінің қоймалары бұл міндетті орындауға дайын екенін айтып отыр. 

Питер Гербер, Lufthansa Cargo бас директоры:

– Вакцина дайын бола салысымен біз оны тасымалдауға бірден кірісіп кете аламыз. Екпені ертең жеткізу керек десе де әзірміз. Бұған қажетті барлық шаралар қолға алынған. Сондықтан қандай да бір мәселе туындайды деп ойламаймын.

Хабар 24 телеарнасы