419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда фермерлердің наразылық шеруі жалғасып жатыр

  • 110
Үндістанда фермерлердің наразылық шеруі жалғасып жатыр

Кеше Нью-Делиге жақын маңда полициямен қақтығыстан кейін билік шаруалардың қалаға кіруіне рұқсат етті.

Шаруа қожалықтары үкіметтің ауыл шаруашылығына қатысты қабылдаған үш заңына қарсы. Оған сәйкес делдалдар жойылып, шаруаларға өз өнімдерін елдің кез келген базарында сатуға рұқсат етілген. Бірақ фермерлер бұл үкіметтің астықты кепілді түрде сатып алу жүйесін тоқтатып, ірі бірлестіктердің өнімді арзанға алуына жол ашады дейді. Билік мәселені шешу үшін фермерлердің басшыларымен келіссөз жүргізуге ниетті. Шаруалар жаңа заң күшін жоймайынша шеруді жалғастыра беретінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы