421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: AstraZeneca вакцинасы әлі зерттелуі тиіс

  • 96
  • UPD: 07:57, 29.11.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы AstraZeneca вакцинасының аз мөлшердегі сынағын әлі де зерттей түсуді қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі британиялық компанияның аз мөлшерде кездейсоқ салған дәрісінің вирусқа қарсы тиімділігі 90%-ті құраған. «Сондықтан оған қатысты қандай да бір қорытынды жасау ерте», - дейді сарапшылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін AstraZeneca вакцинасын төмен мөлшерде қолданып, сынақтан өткізілгені жайында хабарланған болатын. Оған дейін екпені пацентке екі рет толық салып, екіншісінде алдымен жарты мөлшерін содан кейін толық көлемде егіп тексерген. Нәтижесінде бірінші сынақта дәрінің тиімділігі 62%-ті құраса, екіншісінде 90%-ке жеткен еді. Жоба авторларының табысы талайларды шаттандырғанын да айта кету керек. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы асығыстық танытпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы