419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда халықты коронавирусқа қарсы егу жұмыстарына дайындық басталды

  • 101
  • UPD: 07:57, 29.11.2020
Үндістанда халықты коронавирусқа қарсы егу жұмыстарына дайындық басталды

Үндістанда халықты коронавирусқа қарсы егудің бірінші кезеңіне дайындық басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы лектің өзі 30 миллион тұрғынды қамтиды. Бұл Үндістандағы Вакцинациялау туралы ұлттық комитеті таратқан мәлімет. Қауіпті вирусқа қарсы екпені алдымен дәрігерлер, полиция қызметкерлері, жасы елуден асқан тұрғындар және созылмалы ауруы бар адамдар алатын болады. Екпе салу келесі жылдың наурыз айынан мамырға дейін жүзеге асырылмақ. Билік дертке қарсы вакцина барлық сынақтардан өтіп, қауіпсіздік талаптарына сай болуы қадағаланатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы