419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

  • 83
  • UPD: 12:04, 29.11.2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты фото: Reuters

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты.

Мұндай деректерді 29 қарашада таңертең америкалық Джонс Хопкинс университеті келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Университет мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус анықталғандардың жалпы саны 62 094 127 адам, 1 450 326 адам қайтыс болды.

Әлемде вирус жұқтырғандар саны АҚШ-та (13 233 022) ең көп. Сондай-ақ, жағдай ушығып тұрған елдер тізімінде Үндістан (9,35 миллион), Бразилия (6,23 миллион), Франция (2,26 миллион) және Ресей (2,22 миллион) кіреді.

Кеше, 28 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш тіркеді: әлемде 747 082 жаңа жағдай анықталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы