419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда полицияның зорлық-зомбылығына қарсы ірі шерулер өтті

  • 94
  • UPD: 13:00, 29.11.2020

Францияның ірі қалаларында полицияның зорлық-зомбылығына қарсы ірі шерулер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантинге қарамастан наразылық акциясына 1 миллионға жуық адам қатысты. Шеруге тәртіп сақшыларына қатысты жаңа заң жобасын талқылау түрткі болды. Құжат полиция қызметкерлерінің әрекетін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде таратуға тыйым салмақ. Халық «бұл елдегі сөз бостандығына қол сұғушылық», дейді.

Блиц 1:

- Билік «бұл ғаламдық қауіпсіздік туралы заң» дейді. Бірақ шындығына келгенде, ол азаматтарға ғаламдық деңгейде қауіп-қатер төндіретін құжат. Себебі, ол билікті сыбайластыққа белшесінен батқан полицияға беріп, олардың озбырлық әрекетіне жағдай жасағалы отыр.

Блиц 2:

- Бірде-бір француз полициясының өкілі күдіктінің өлімі үшін немесе мүгедек болып қалғанына жауапты емес, жазаға тартылмаған, темір торға қамалмаған. Ең болмаса, бір апта абақтыда отырса ғой. Полиция басшысының жазаланғанын да естімеппін. Олардың аяшулық сезімі оянбай кете ме қорқамын. Және кісі баласына тек қылмыскер деп қарай беретіні анық.

Парижде наразылық акциясы 50 мыңға жуық адам қатысты. Шерушілер заң жобасын кері қайтарып алуды талап етті. Наразылық шарасының басты символы бірнеше күн бұрын бетпердесіз жүргені үшін полиция соққыға жыққан Мишель Заклер есімді тұрғын болды. Тәртіп сақшыларының өз қызметін асыра пайдаланғандығын бейнекамера мен куәгерлердің телефонға түсірген жазбасы арқылы дәлелденді. Бейбіт шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшыларының әрекетіне ашуланған шерушілер көліктерді жағып, дүкендердің терезелерін шақты.

Ал полция шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданып, су шашты. Тәртіпсіздіктер кезінде 37 полицей жарақат алып, 30 адам қамауға алынды. Қанша шеруші жапа шеккені белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы