419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияның Сардиния аралында су тасқынынан үш адам мерт болды

  • 104
  • UPD: 13:41, 29.11.2020
Италияның Сардиния аралында су тасқынынан үш адам мерт болды

Италияның Сардиния аралында дауыл соғып, толассыз жаңбыр жауып, бірнеше елді мекенді су басты,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасқыннан 3 адам қайтыс болды. Марқұмдар көліктеріне отырғанда су ағызып алып кеткен. Тағы 2 тұрғын із-түзсіз жоғалып, іздестіріліп жатыр. Битти қаласындағы көпірді су шайып, орталық көшелерді лай-батпақ басқан. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар дауыл мен жауын енді Италияның оңтүстігіне соғады деп ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы