417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эфиопия билгі Тыграйдағы әскери операция аяқталғанын мәлімдеді

  • 129
  • UPD: 15:08, 29.11.2020
Эфиопия билгі Тыграйдағы әскери операция аяқталғанын мәлімдеді

Эфиопия әскері Тыграй аймағынның орталығы Мэкэле қаласын бақылауға алып, бүлікшілерге қарсы операцияны аяқталды.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Абий Ахмед Әли мәлімдеді. Билік ендігі мақсат – қирап-бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, босқындардың үйлеріне оралуына жағдай жасау дейді. Эфиопияда үкімет әскері мен «Тыграйды азат ету майданы» арасында қақтығыс қарашаның 4-і күні басталған. Оған үкіметтің қыркүйекте өтуі тиіс жалпыұлттық сайлауды індеттен кейінге шегеруі себеп. Автономды аймақ шешімге бағынбай сайлауды өткізген еді. Салдарынан әскери қимылдар басталып, 4 аптаға созылған қақтығыстан 40 мыңнан аса бейбіт тұрғын босқынға айналды.

Хабар 24 телеарнасы