Ауғанстанның Газни провинциясында лаңкестік әрекет болып, 31 адам қаза тапты.
24 кісі жарақат алды. Лаңкес жарылғыш зат толы көлікпен әскери базаға кірмек болған. Бірақ қауіпсіздік күштері оқ атып, содыр көлікті база жанында жарып жіберген. Шабуылды қандай лаңкестік топ ұйымдастырғаны әлі белгісіз.