419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияның Фрейзер аралында орман өртеніп жатыр

  • 130
Австралияның Фрейзер аралында орман өртеніп жатыр

Қазан айында басталған өрт күннің ысуынан күшейе түскен.

Қазірге дейін қызыл жалын аралдың үштен бір бөлігін күлге айналдырды. Соңғы күндері ауа температурасы 40 градустан асып жаңа өрт ошақтары пайда болды. Адамдардың аралға баруына шектеу қойылды. Бірақ ондағы тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Ал ауа райын болжаушылар ыстық әлі бір аптаға созылатынын айтады.

Дэвид Эллиот, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының төтенше жағдай жөніндегі министрі:

– Адамдар өткен жылғы өрттен кейін орманға қызыл жалынның қаупі жоқ деп ойлайды. Бірақ аймақтағы орманды алқаптың 90%-інде әлі өрт болған жоқ. Яғни бұл аумақтың қызыл жалын құшағында қалу қаупі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы