Гонконгта індет жұқтырғандар саны қайта өсті.
Қытайдың арнайы әкімшілік ауданында соңғы бір тәулікте 115 адам вирусқа шалдыққан. Індеттің таралуының көбі би студияларымен байланысты. Бұл – соңғы 4 айда тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш. Билік өткен сәрсенбі күні індеттің екінші толқынын болдырмас үшін үшінші мәрте дәмханалар мен түнгі клубтарды жабу туралы шешім қабылдаған. Гонконгта коронавирус шыққалы 6 мыңнан астам адам індетке шалдыққан.