420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда коронавирустың үшінші толқыны белең алды

  • 124
  • UPD: 09:01, 30.11.2020

Ертеңнен бастап елде індет таралмауы үшін жаңа шектеулер енгізіледі.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте Кореяда 450 адамнан COVID-19 анықталған. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 33 824 -ке жетті. Пандемия 523 оңтүстіккореялықтардың өмірін қиды. Сеул мен Кёнги провинциясы коронавирустың үшінші толқынының ошағына айналды. Оңтүстік Кореядағы жағдай туралы толығырақ меншікті тілшіміз Владислав Цой айтып беруге дайын.

Владислав Цой, тілші:

– Ең негізгі шектеу – мейрамханалар мен кафелер жұмысының кешкі 9-ға дейін қысқаруы. Оңтүстіккореялықтардың көпшілігі үйде емес, осындай қоғамдық орындарда тамақтанғанды жөн көреді. Кешкі 9-дан кейін тағамдарды тек өзімен әкетуге рұқсат етіледі. Мектеп оқушылары онлайн оқиды. Ойын-сауық мекемелері, түнгі клубтар мен караоке-барлар жабық. Ертеңнен бастап спорт және би билеу секцияларға баруға тыйым салынады. Сауналар мен моншалар да сейсенбіден бастап жұмысын тоқтатады. Үкімет сонымен қатар Сеул тұрғындарын 10-нан астам адамның жиналысынан бас тартуға және залдарда жаңажылдық кештер өткізбеуге шақырды. Жас жұбайларға үйлену тойын өткізбеуді өтінді. Кинотеатр жұмысына да шектеу койылды. Біз көшеде Сеул тұрғындарымен сөйлестік.

Чой Ган Сок, Сеул қаласының тұрғыны:

– Менің ойымша, үкімет алдын алу шараларын дұрыс жүргізіп жатыр. Азаматтар нұсқауларды жауапкершілікпен орындайды. Бетперде тағу керек деп ойлаймын.

Пак Е Джи, Сеул қаласының тұрғыны:

– Маскадағы өмір ыңғайсыз, қарапайым өмір сүру және мектепке бару мүмкін емес. Сонымен қатар қалыпты жұмыс істеуге де рұқста жоқ. Негізінен жеке кәсіпкерлер зардап шегеді, сондықтан экономикалық дағдарыстың пайда болуы алаңдатады. Егер әлеуметтік арақашықтықтың екінші деңгейі жарияланғаннан кейін адамдар шектеулерді сақтайтын болса, онда індет жұқтырғандардың саны тағы азаяды деп ойлаймын.

Себептердің бірі – масканы теріс кию немесе бетін жуылмаған қолымен ұстау. Соңғы жағдайлар Сеул шіркеулерінің бірінде тіркелді. Онда 146 адам инфекцияны жұқтырған. Вирус би академиясына барған 21 Сеул тұрғынынан да табылды. Індет балалар кафесі, сауналар, халық аспаптары үйірмесі және әскерде көп тіркелген. Сарапшылар адамдар шектеулерді орындамаса, коронавирус фактілері тәулігіне 1000-ға дейін көбеюін жоққа шығармайды. Алдын алу іс-шаралар бөлімінің бастығы Мин Пок Ки маска кию коронавирустан қорғаудың ең жақсы әдісі деп санайды. Оның айтуынша, көптеген жағдайларда адамдар COVID-19 жұқтырған адаммен бір бөлмеде болған кезде де, масканы дұрыс киіп, қолдарын мұқият жуып алған жағдайда індет жұқтырмайды.

Мин Пок Ки, Тэгу қаласының алдын алу шаралары жөніндегі басқарма басшысы:

– Ең бастысы, бетперде тағып, ауру белгілері болса дереу тексеруден өту. Бұрын, ауру белгілері болса, 3-4 күн бойы үйде болып кейін тест тапсыратын, енді ауру белгілері болса, дереу тексеруден өту маңызды. Мен вакцинация жасауға кеңес беремін. Қазір Тэгуде көптеген адам шай, кофе немесе тамақты үндемей ішуді әдетке айналдырды. Егер сіз маска кию принципін есте сақтасаңыз және тамақтану кезінде сөйлеспесеңіз, онда коронавирус жұқтырмайсыз.

Тікелей қосылымды жақсы жаңалықпен аяқтағым келеді. Корея премьер-министрі Чон Се Гюн  үкімет 30 миллионнан астам адамды COVID-19 вакцинасымен қамтамасыз етеді деп жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, Кореяда 51 миллионнан астам халық тұрады. Кореяда әлі вакцина жасалған жоқ, бірақ оны сатып алу жоспары осы аптада жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы