419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда аспаздық мектебінің жаңа қызметіне сұраныс жоғары

  • 109
Германияда аспаздық мектебінің жаңа қызметіне сұраныс жоғары

Германияда аспаздық мектебінің бірі індет жағдайында тіркемелі үйі бар көлік иелеріне қызмет көрсетудің жаңа жолын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін арнайы орын ашылған. Тұрғындар осы жерге барып, бетперде таққан даяшылар дайын тағамды олардың тіркелемелі үйіне жеткізеді. Мектеп өкілдері елде карантин кезінде мұндай қызмет шағын отбасылық кештер өткізуге өте ыңғайлы дейді.

Еске сала кетейік, Германияда індеттің таралуын тоқтату мақсатында қыркүйек айынан бастап барлық мейрамхана жабылған. Шара жыл соңына дейін жаллғасуы мүмкін.

Бэттина Сайтц, аспаздық мектебінің иесі:

– Індет кезінде жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр болған едік. Енді жаңа қызметіміз тұрғындар арасында қолдауға ие болып, жұмысшылар жетіспей жатыр.

Хабар 24 телеарнасы