420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандағы шаруалардың шеруі басылар емес

  • 94
Үндістандағы шаруалардың шеруі басылар емес

Ел астанасы Нью-Делиде қолына таяқ ұстаған диқандар полиция қоршауын бұзып өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үкіметтің 3 желтоқсанда екіжақты келіссөздер өткізейік деген ұсынысын қабылдамай тастады. Шаруалар жиналып, астана маңындағы Харьяна және Пенджаб штаттарының негізгі тас жолдарын жабамыз деп сес көрсетуде. Ереуілшілер ауыл шаруашылығына қатысты билік ұсынған 3 заңға қарсы бас көтерген. Жаңа ережелер бойынша ауыл шаруашылығына көмекқаржы беру тоқтатылмақ. Үкімет осылайша нарықта бәселестікті арттырамыз деп ақталып әлек. Ал шаруалар талқыланып жатқан заңдар дәнді дақылдардың бағасын құлдыратып, кәсібімізді дағдарысқа ұшыратады деп келіспей отыр.

Ражиндер Синх, шаруа:

– Көшеге еріккеннен шыққан жоқпыз. Осы жолда құрбан болуға бармыз. Үйде құрдан-құр аштан қатқанша, шенеуніктердің жағасына жармасып өлгеніміз жақсы. Оларды шаруалардың мұң-мұқтажы еш алаңдатпайды.

Хабар 24 телеарнасы