424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадридте медицина қызметкерлері ереуілге шықты

  • 219
Мадридте медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Испания астанасы Мадридте мыңдаған медицина қызметкері мен жергілікті тұрғын наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт жергілікті биліктің денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру саясатына көңілдері толмайды. Халықтың айтуынша, пандемиядан зардап шеккен елде медицинаға керісінше аса мән берілуі тиіс. Айта кетейк, Испанияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 1 млн 628 мыңға жетсе, көз жұмғандардың қатары 44 мың 600-ден асты. Соңғы тәулікте 10 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілінген.

Хабар 24 телеарнасы