Тоғыз жасар Биньямин Милт Иерусалимдегі ғибадатхана тауынан ерекше алтын моншақ тауып алды.
Ол осыдан үш мың жыл бұрын жасалған болуы мүмкін. Бұл туралы Temple Mount Sifting Project хабарлады.
Зергерлік бұйым төрт қабаттан тұрады, олардың әрқайсысы бір-біріне гүл түрінде бекітілген кішкентай алтын шарлардан тұрады. Сонымен бірге моншақ жақсы сақталған. Бастапқыда археолог оны заманауи зат деп ойлаған көрінеді.
Моншақ біздің дәуірімізге дейінгі 950-586 жылдары бірінші ғибадатхана кезінде жасалған болып шықты.
— Temple Mount Sifting (@TMSifting) November 29, 2020