433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде автобус биіктен құлап, салдарынан жеті адам көз жұмды

  • 147
  • UPD: 13:22, 30.11.2020
Перуде автобус биіктен құлап, салдарынан жеті адам көз жұмды gordonua.com

Автобус жолдың бойындағы қоршауға соқтығысып, 100 метр биіктен құлап кеткен.

Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 11-і жарақат алған.  

Перудің солтүстік-батысында орналасқан Ла-Либертад департаментінде автобус құздан құлап, жеті адам көз жұмса, тағы 11 адам зардап шеккен. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ішінде 18 адам болған микроавтобус жолдың шетіндегі қоршауды бұзып өтіп, 100 метр биіктен құлаған.

Қазіргі уақытта жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Апат себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы